ҰҚШҰ мүшелері - мемлекет басшылары кездесуінің қорытындылары бойынша Ұйымның Қырғызстандағы жағдай бойынша мәлімдемесі қабылданады -Д.Медведев

МӘСКЕУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат. /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатқан ҰҚШҰ мүшелері - мемлекет басшылары кездесуінің қорытындылары бойынша Ұйымның Қырғызстандағы жағдай бойынша мәлімдемесі қабылданады.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәскеуде отырысты ашу барысында Ресей Президенті Дмитрий Медведев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Талқылаулар барысында қырғыз проблемасы да көтеріледі. Келіссөздер қорытындысы бойынша, Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға байланысты өзара қарым-қатынастар мүмкіндіктері қарастырылған Ұйымның мәлімдемесі қабылданады», деді Д.Медведев.

Соңғы жаңалықтар