ҰҚШҰ шеңберінде әскери мақсаттағы өнім шығару бойынша бірлестіктер құру қағидаттарына арналған келісім қаралды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат-  Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында сенаторлар «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында
None
None

әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Құжат палатаның алдағы жалпы отырысына шығарылатын болады.

Келісімге сәйкес, әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктер - бұл Тараптардың әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, жасау, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату үшін өздерінің ғылыми-техникалық, өндірістік, зияткерлік және инвестициялық әлеуеттерін біріктіретін, мүдделі тараптар арасында екіжақты және көпжақты шарттар негізінде құрылатын кәсіпорындар. Құжатқа сәйкес, бірлестіктер өздері шығаратын әскери мақсаттағы өнімдерге қатысты сыртқы сауда қызметін тараптармен жүзеге асырады.

Қазақстанның әскери және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, әлеуметтік, ақпараттық басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен тиімді жүзеге асырылатыны белгілі. Бұл ретте келісімнің мақсаты бірлескен кәсіпорындар құру жолымен Ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын дамыту мен кіріктіруді бірлесіп қолдау болып табылады. Келісім ҰҚШҰ-да өндірісті және ғылымі әлеуеттер бойынша кіріктірілген және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерге олар шығаратын өнімді дербес жеткізу құқығын жүзеге асыруды көздейді.

Бұдан бөлек, құжат отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені шығаратын әскери мақсаттағы өнім үшін өткізу нарығын кеңейту перспективаларын қарастырады. Жалпы алғанда келісімді қабылдау ұйымға мүше мемлекеттердің әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастығын жетілдіруге ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар