ҰҚШҰ СІМК кезекті отырысы желтоқсан айында Мәскеуде өткізіледі
ҰҚШҰ хатшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл туралы шешімді ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеше, қыркүйектің 23-інде Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-інші сессиясы барысында өткізілген бейресми кездесу кезінде қабылдады.
Кездесу барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-інші сессиясының күн тіртібі, оның ішінде ҰҚШҰ елдері үшін маңызға ие қарусыздану проблемасы, Ауғанстандағы жағдай, бітімгершілік бағытында БҰҰ мен ҰҚШҰ байланыстары талқыланды. Кездесуге қатысушылар Астана қаласында үстіміздегі жылғы желтоқсанның 1-2-сінде өткізілетін ЕҚЫҰ саммиті мәселелерін де сөз етті.
«СІМ басшылары Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысын ҰҚШҰ сессиясы қарсаңында желтоқсан айында Мәскеуде өткізу туралы келісімге қол жеткізді», - делінген баспасөз хабарламасында.