ҰҚШҰ террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасамақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ереванда өтетін саммит барысында террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасау мәселесін талқыға салмақ, деп хабарлады «Мир» телеарнасына берген экслюзивті сұхбатында ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа.
None
None

Ол туралы ҚазАқпарат vesti.ru. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚШҰ басшысы бұл жобаның өзге халықаралық ұйымдардың ешқайсысында жоқ екендігін жеткізді.

«Біз мүлдем жаңа жобаны ұсынғалы отырмыз - ол ҰҚШҰ террористік ұйымдарының бірыңғай тізімі. Біз оның тетіктерінің барлығын жасадық. Айта кететін мәселе - халықаралық құрылымдардың бірде-бірінде ұйымға мүше елдердің барлығында мойындалатын террористік ұйымдардың тізімі жоқ. Біз бірінші болып осы тетікті іске қостық. Біз оны келістік, енді, оны мемлекет басшыларының бекітуіне ұсынамыз»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар