21:43, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
ҰҚШҰ тез әрі тиімді іс-әрекет етуі қажет - РФ президенті Д.Медведев
ЕРЕВАН. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Мұрат Мақұлбеков/ - Кейбір жағдайларда ҰҚШҰ тез әрі тиімді іс-әрекет етуі керек. Бүгін Ереванда өткізілген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қатысушы мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуінің соңында өткізілген баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев осындай мәлімдеме жасады.

«Біз аса тиімді институттары пайда болуы үшін, мүмкін кеңейтілген өкілеттілігі болуы да мүмкін, өзіміздің қызметіміздің негізі бола алатын ҰҚШҰ жарғылық құжаттарының өзгертілуі туралы дайындалған ұсыныстардың желтоқсан айына дейін дайын болатынына келістік», - деді Д.Медведев.