ҰҚШҰ ұжымдық жүйесі күштерінің мәртебесі туралы заң қабылданды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы» заң қабылданды. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
None
None

Аталған келісім Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ күштері мен құралдарының құралымдарын енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда тараптар аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйелері күштерінің уақытша болуы үшін құқықтық негіз жасауға бағытталған.

«Келісім әскери құрылымдарды тараптардың аумағына жіберу тетігін, мемлекеттік шекараны кесіп өту, әскери құрылымдардың, әуе және теңіз кемелерінің жеке құрамы және жылжымайтын мүлкі бар автокөліктермен қозғалу тәртібін қарастырады. Сонымен қатар, келісім бір немесе бірнеше тарапқа қатысты қауіп-қатер төнген және қарулы шабуыл жасалған жағдайда ұжымдық қорғанысты іске асыру, төтенше жағдайларды жою мақсатында ҰҚШҰ әскери құрылымдарының тараптар аумағында уақытша болуы үшін құқықтық негізді де қалыптастырады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов. 

Келісімге сәйкес, жіберуші тараптың құралымдары қабылдаушы тараптың аумағына осы соңғысының ресми өтінішіне сәйкес немесе бірнеше тарапқа қатысты қарулы шабуыл қауіп-қатері төнген жағдайда ұжымдық қорғанысқа құқықты іске асыру, ұжымдық қауіпсіздіктің басқа да қыр көрсетулері мен қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау үшін, сондай-ақ бірлескен командалық-штабтық әскери-оқу жаттығулар өткізу үшін жіберілуі мүмкін.

Бұл ретте тараптар өздерінің құрылымдарын қабылдаушы тараптың аумағына, егер осы іс-қимыл олардың ұлттық заңнамасына қайшы келмеген жағдайда ғана қойылған міндеттерді орындау үшін жіберіледі.

Құрылымдардың жеке құрамына қабылдаушы Тараптың аумағына кірген кезде және одан шыққан кезде визалық бақылау қолданылмайды.

Соңғы жаңалықтар