ҰҚШҰ Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерін құру жөніндегі консультация аяқталды

МӘСКЕУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан делегациясын Қорғаныс министрі Даниал Ахметов бастап барды. Мәскеуде өткен мәжілісте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел әрекет етуші ұжымдық күшті құру мәселесі талқыланды. Ағымдағы жылдың ақпан айында ҰҚШҰ елдерінің президенттері Ұжымдық күшті құру туралы шешім қабылдап, Ұйымның Хатшылығы мен Біріккен штабына маусым айына дейін нормативтік құжаттардың жобаларын дайындауды міндеттеген болатын. Жедел әрекет етуші ұжымдық күшті құрудағы негізгі мақсаттардың бірі ? лаңкестік, экстремизм, есірткінің заңсыз айналымы сияқты қатерлер өршіп тұрған бүгінгі заманда Ұйым елдерінің қауіпсіздіктерін әрі қарай нығайта түсу болып табылады. Д.Ахметов кеңес қорытындысы бойынша «Жедел әрекет етуші ұжымдық күшті құру - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясындағы айтулы оқиға» екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, Ұйымға мүше елдер келіспеушіліктерді жеңіп, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ауқымды қадам жасап отыр. ҰҚШҰ елдерінің мемлекет басшылары Жедел әрекет етуші ұжымдық күштің құқықтық базасына маусымның 14-інде қол қояды.
Соңғы жаңалықтар