Үлкен мұнай-газ жобаларында қазақстандық қамтуды арттыру және айлақ инфрақұрылымын дамыту мәселесі тұрақты назарды талап етеді - Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаев

СТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына арналған биылғы Жолдауында Елбасы қазақстандық қоғамның алдына жаңа міндеттер қойды. Олардың ішіндегі ең бастысы - ел экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау, үдемелі индустрияландырудың және инфрақұрылымды дамытудың есебінен экономиканың орнықты дамуына қол жеткізу, адами капиталдың бәсекеге қабілеттігін арттыруға белсенді инвестиция салу болып табылады.
None
None

Елбасының тапсырмасы бойынша, Үкіметтің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын және елдің егжей-тегжейлі Индустрияландыру картасын әзірлегені белгілі. Жалпы инвестиция көлемі 6,5 триллион теңге соманың 162 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда - бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 40 пайызы.

Келешегі кемел өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылып жатқан және индустрияландыру үрдісі қызу жүріп жатқан өңірлердің бірі -Маңғыстау облысы. Аталмыш бағдарламалар аймақта қалай жүзеге асырылып жатыр? Ірі мұнай-газ жобаларында қазақстандық қамтуды арттыру үшін қандай шаралар қабылдануда? Әлемдік дағдарыс Каспий теңізінің қазақстандық секторын табысты игеруге кедергі келтірді ме? ҚазАқпарат редакциясы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа осы және басқа да сауалдарды жолдаған болатын.

- Маңғыстау облысында 30-дан астам инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар басталып отыр. Олардың 23-і республикалық индустрияландыру картасына енеді, ал 12 коммерциялық жоба - аймақтық картаға кіреді. Яғни, аймақ инвесторлар үшін бұрынғысынша тартымды. Реті келгенде айта кету керек, 2009 жылы халықаралық рейтингілік агенттігі облыстың инвестициялық мәртебесін қуаттады: ол бұрынғысынша орнықты деңгейде.

Ал әлемдік дағдарыстың әсері біз бастап отырған жобалар мен олардың әрі қарай жүзеге асырылуына тигізіп отырған әсеріне келер болсақ, оның біздің жоспарымызға бірқатар түзетулер енгізгенін мойындау керек. Бірақ, жалпы жағдай жаман емес. 2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 293 миллиард теңгені (1,95 млрд. АҚШ доллары) құрады немесе 2008 жылғы деңгейдің 71,8 пайызын шамалады. Яғни, кен өндіру саласында негізгі капиталған салынған инвестициялардың азаюмен байланысты біршама төмендеу үрдісі бар. Бірақ та, жан басына шаққандағы инвестиция көлемі бойынша (661,4 мың теңге), облыс республика аймақтарының арасында екінші орында тұр.

- Елбасы тапсырмаларының бірі қазақстандық қамтуды арттыруға қатысты. Облыс басшылығы осы басымдықты жүзеге асыра алып отыр ма? Қол жеткізген нәтижелер туралы айтып өтсеңіз.

- Бұл басымдықты жүзеге асыру біздің тұрақты бақылауымызда. Қазақстандық қамту үлестері «Қашаған», «Блок Н» кеніштерін игеру және тағы басқа ірі мұнай-газ жобаларында артып келе жатыр. Дегенмен, жеке тоқталып өтуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Солардың бірі - жағалау инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы.

Шетелдік инвесторлардың мәліметтері бойынша, Солтүстік Каспий жобасы бойынша қазақстандық қамтудың үлесі бүгінде 32 пайызды құрайды. Бір қарағанда, жаман нәтиже емес. Бірақ оған Қазақстанда филиалдары бар шетелдік компаниялардың жұмыс үлестері де кіреді. Басқаша айтқанда, жұмыстың шағын бөлігі бізде орындалады да, ал негізгі жұмыстар шетелдерде атқарылады. Мысалы, «Сайпем», «Кеппел» және т.б. компаниялар осы қағида бойынша жұмыс істейді. Яғни, іс жүзінде қазақстандық қамтудың үлесі әлдеқайда төмен.

Қазіргі таңда теңіздегі мұнай-газ операцияларының 50 пайызын Астрахан мен Бакуде орналасқан базаларға негізделген. Ол аймақтарда барлық айлақ инфрақұрылымдары (9 верфь) бұрыннан жұмыс істейді, сондықтан да инвесторлардың таңдауы соларға түсіп тұр.

Каспий өңірінде Американың «Халибёртон» және «МакДермотт», Италияның «Сайпем», француздың «Текнип», Норвегияның «Акер» және ағылшынның «Амек» сияқты танымал компаниялар жұмыс істеп жатыр, бірақ олар әзірге Қазақстанда өз кәсіпорындарын құруға аса мүдделі емес сияқты.

- «Қашаған» кенішіндегі жобаны, осы тұрғыдан алғанда, нәтижелі деп айтуға болады ма?

- Ол жобаны әзірлеу кезінде технологиялық нысандарды сырттан жеткізудің схемасы қолданылды. Яғни, біз инвесторларға нақты және түсінікті міндет - қазақстандық қамтуды арттыру міндетін қоямыз. Олар болса, барлық тауарларды сырттан әкелуді тоқтатар емес. Осылайша, Норвегиядан инженерлік қамту баржалары, Араб Әмірліктерінен - компрессорлық блокты баржалар, Италиядан - шикі мұнай айдауға арналған баржалар жеткізілген, электр станса-баржалары Мальтада, тұрғын жай-баржалары - Швецияда, апаттық-құтқару кемелері -Польшада жасалған, т.с.с.

Ұңғыларды бұрғылаумен және мұнай өнімдерін жеткізумен байланысты осындай жағдай қалыптасып отыр. Солтүстік Каспий жобасы бойынша акционерлер тапсырыстарды Бакудегі, Астрахандағы және шетелдердегі қуаттарға орналастыруды әлі де жалғастыруда.

Немесе, басқа мысал келтірейік, Солтүстік Каспий жобасы бойынша кенішті игерудің 2011-2015 жылдарға арналған екінші кезеңін жүзеге асыру барысында шамамен 550 мың тоннадай металл құрылғылары қажет. Бұл қуатты қамтамасыз ету үшін барлық верфьтердің (кеме жасау және жөндеу орны) қуаты жылына 140 мың тоннадан кем болмауы керек. Оған қоса, 15 мыңдай білікті кадр керек. Қазақстанда салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған верфьтер жылына 70 мың тоннадан астам металл құрылғыларын дайындай алады. Бұл жобаның перспективалылығын ескерсек, әрқайсысының жылдық қуаты 40 мың тоннаны құрайтын тағы екі верфь құру керек. Ал аумақтың жетіспеушілігінен кеме жасаушы «Кеппел Қазақстан» зауыты кеңейе алмай отыр. Сондықтан да, біз «Ақтау» теңіз айлағын солтүстік бағытқа қарай кеңейту жобасының мақсатын өзгертіп, айлақтың солтүстік аумағында бірыңғай slip (кемені судан көтеру немесе түсіру үшін арналған еңіс алаң) базасында кемелер мен металл құрылғыларын шығаратын өндірістер тобын құруды ұсынамыз.

Бүгінде «Ақтау» теңіз айлағында жүктемені ұлғайту үшін бос мұнай қоры жоқ. Бұл факті өткен жылы қыркүйектің 29-ында Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің алдында мұнай тасымалдаудың Қазақстандық Каспий жүйесін жүзеге асыру мәселелесі бойынша өткен кеңесте қуатталған болатын.

Мәселені зерделейтін болсақ, «Қашаған» жобасын толыққанды игеру тұжырымдамасы салмағы 10-20 мың тонналық ірі габариттік металл конструкцияларын дайындауды пайымдайды. Кенішті игеру схемасының негізгі элеметтерінің бірі 24 өндірістік модуль болып табылады. Ал біздің өңірде ондай модульдерді тұрғызу мүмкіндігі алдағы 10 жылда жыл сайын 5 миллиардтай АҚШ долларын игеруге мүмкіндік береді! Біз бұл жерде «Жемчужина», «Блок Н» және т.б. кеніштерінің болашақ қажеттілігін қоспай-ақ, тек Қашаған жобасына қатысты болжамды айтып отырмыз.

-Яғни, бүгін қажет болып отырған кәсіпорындар келешекте де сұранысқа ие болады ғой? Сонда бүгін жүзеге асырылып жатқан жобалардың жемісін біз ондаған жылдардан кейін де көре береміз ғой?

- Ия, сөзсіз солай. Сондықтан да Елбасы елді индустрияландыруға басымдық танытуда. Өнеркәсіптің игілігі сол, оның мүмкіндіктерін шексіз деуге болады. Индустриялық жобалар бірнеше ондаған жылға емес, жүздеген жылға есептеледі.

Егер, рұқсат етсеңіз, «Қашаған» жобасы туралы әңгімемді аяқтағым келеді. Атап айтқанда, алдағы 5 жылда Қашаған жобасы үшін шамамен 200-дей кеме керек, олардың 70 пайызын тасымалдаушы баржалар құрайды. Қазір біз үшін ең маңыздысы, уақытты жоғалтпай ілгерілей жұмыс істеу. Мысалы, 2008 жылы Әзірбайжанда Гарадагтағы кеме жасау зауытының құрылысы басталды, 2011 жылы ол жерде қайраңда жұмыс істеу үшін кеменің барлық түрі жасалатын болады. Ал бізге Құрықтағы құрғақ доктың құрылысы туралы талас-тартыстың жалғасып жатқанына үшінші жыл! Нәтижесінде біз уақытты өткізіп қана қойған жоқпыз, онымен бірге мемлекет барлық мәселе бойынша мол мүмкіндікті жоғалтқалы тұр! Бұл экономикалық пайда тұрғысынан да, Каспий теңізіндегі мұнай-газ операцияларына атсалысу жағынан да, басқа да мәселелер бойынша қолдан шығып бара жатқан мүмкіндіктер.

«Қашаған» жобасына өзіміздің өндірістік және еңбек әлеуеттерімізді жұмылдырсақ, мол пайда емес пе? Осылайша, біз Елбасының қазақстандық қамту жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете алар едік.

Соңғы жаңалықтар