18:59, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Үлкен сөмкенің ішінен зорлықпен өлтірілген белгілері бар әйелдің денесі табылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Іле ауданының Казцик аумағында жан түршігерлік нәрсе табылды. Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, қытайлық үлкен сөмкенің ішінен 30-35 жастардағы әйелдің зорлықпен өлтірілген белгілері бар денесі табылды.

Оқиғаға байланысты жедел топ құрылды. Кезекшілер тәулік ішінде кісі өліміне қатысты деген күдікпен 47 жастағы ер адамның ізіне түседі. Ол ұсталды және Іле аудандық ішкі істер басқармасында қамауда отыр.
Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.