Үлкендер жастарға үлгі болу арқылы оларды патриоттық рухқа тәрбиелеуі тиіс - доцент А.Абдина

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу жұмысында үлкендердің үлгі болуы аса маңызды.
None
None

Бүгін Қазақ Агротехникалық университетінде басталған «Жастар саясатын жаңғырту - бүгінгі Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты конференцияда Гуманитарлық зерттеулер және білім беру технологиялары орталығының директоры, доцент Айнұр Абдина осылай айтты.

«Әрине, бүгінде сан алуан патриоттық іс-шаралардың тиімділігі зор. Дегенмен, ол жұмыс үздіксіз жүргізілуі тиіс. Осы орайда үлкендердің жастар үшін үлгі болуы аса маңызды. Отанға деген сүйіспеншілік - әрбір азаматтың қанында бар қасиет. Осы қасиетті күн сайын ұштап отыру қажет. Ол үшін үлкендер жастарға үлгі болып, оларды патриоттық рухқа тәрбиелеуі тиіс», - дейді А.Абдина. Маманның айтуынша, ата-аналар, сондай-ақ ұстаздар жас ұрпаққа «анау бол, мынау бол» деп жол сілтеп, тәрбие беру жұмысын тындыра алмайды. Олар жеке бастың үлгісі негізінде жастардың патриоттық рухын ұштауы тиіс. Шыны керек, соңғы кездері жоғары лауазымды тұлғалар мен кейбір шенеуніктердің заңсыз әрекеттері бүгінгі жастар тәрбиесіне кері әсер етері хақ.

Соңғы жаңалықтар