Ұлт бірлігін нығайтуға үлес қосу - бәріміздің парызымыз

Бұған үлес қосу - бәріміздің парызымыз. Бұл туралы сессия делегаты, Орал қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы №1 балалар музыка мектебінің директоры, «Орыс мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Погодин мәлім етті.
Оның айтуынша, Президент бұл орайда білім беру мен тәрбие жүйесі арқылы қазақстандықтар толеранттылығын дамыту қажеттігіне назар аударды. Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігіне этномәдени білім беруді дамыту жөнінде тұжырымдама жасап, мектептер мен ЖОО-ларға «Толеранттылық негіздері» атты факультативтік курс енгізуді тапсырды. Елбасының бұл тапсырмасын қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асыруға болады - мұны барлық оқу орындарының педагогтары қазірден бастап ойлануы керек. «Бұған, әрине, бәріміз де атсалысамыз», деді ол.