Ұлт денсаулығы - ел байлығы - БҚО

Ажар Төлеғалиева кеше облыстық онкодиспансер, облыстық кардиоорталық, №5 қалалық емханада болып, медицина қызметкерлерімен кездесті.
Кездесулер барысында Ажар Ғиниятоллақызы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер жөнінде, әсіресе, онкологиялық көмек жүйесін жетілдіру, қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтудың жаңа жүйесін енгізу, әлеуметтік кеселдердің алдын алу үшін ұлттық скринингтік бағдарламаны жалғастыру және басқа өзекті мәселелерге тоқталды. Айталық, соңғы жылдары елімізде қан тамырлары жүйесі сырқатынан қайтыс болу деңгейін төмендетуге көп көңіл бөлінуде. Мамандандырылған кардиологиялық қызметтің нәтижесінде бұл ауруды 20 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізілді. Дегенмен мұның бәріне тек хирургиялық жолмен жету мүмкін емес. Сондықтан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында кардиологиялық қызмет нығайтылуда, жаңа жабдықтар алынуда. А.Төлеғалиеваның пікірінше, БҚО-да «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндік бар.
Бүгін Ажар Төлеғалиева Жаңақала ауданында болып, ауыл-аймақ тұрғындарымен кездеседі.