Ұлттық академиялық кітапханада студенттерге мәліметтер қорымен жұмыс істеу үрдісі таныстырылуда

АНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Шеврон Мұнайгаз инк.» компаниясымен бірлесіп, «Мұнай және газ саласына арналған электрондық  оқу залы» жобасы аясында семинар-тренинг өткізді.
None
None

Аталған шараға еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері бас қосып, «Электронды білім мен ғылымға көмек» тақырыбын талқыға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Семинарға қатысушылар «Ресей мемлекеттік кітапханасының электрондық  диссертациялар кітапханасы», «ProQuest диссертациялары», «Интегрум»,  Ист Вью (East view), EBSCO,  « POLPRED.COM . 230 елдің экономикасы», «Кирилл мен Мефодий» мегаэнциклопедиясы сияқты мәліметтер қорымен, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан кітапханаларының қорынан құжаттарды электрондық  жеткізу сияқты үрдістермен танысуға мүмкіндік алады.

Кітапхана мамандары еліміздің техникалық оқу орындарынан жиналған 16 оқытушы мен студентке мәліметтер қорымен жұмыс істеу барысында ғылыми әдебиеттерді, ғылыми ақпараттарды көшіру, алу және іздеу үдерістерімен таныстырып, үйретеді.

 «Біздің негізгі мақсатымыз қазіргі заманғы кітапханада ғылым мен білімді игеруде қандай мүмкіндіктер бар екендігін көрсету», дейді ҚР ҰАК бас директорының орынбасары Әлия Сәрсенбинова.

Аталған жоба осымен екінші рет өтіп отыр. Өткен жылы осындай ақпараттық семинарға облыстық кітапханалардың 20 кітапханашысы катысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар