00:10, 29 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Ұлттық банк 28 қыркүйекте 58,5 млн. долларға валюталық интервенция өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 28 қыркүйекте Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-дағы сауда-саттықта 58,5 млн. АҚШ долларына валюталық интервенция өткізуді жалғастырды.
Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайты хабарлады.
Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық банкі 2015 жылғы 16 қыркүйектен бастап ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында валюталық интервенциялар өткізуді бастаған болатын.