Ұлттық банк монетаның ең үздік дизайнына ашық байқау жариялады

Ол ұлтық валютаның беделін көтеруге бағытталған озық идеяларды іздеу және қолдау көрсету мақсатында ересектер мен балалар арасында «Халық монетасы» және «Балалар монетасы» аталымдары бойынша өткізіледі.
Үміткерлердің өтініштері мен жобаларын ҚР Ұлттық банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті 20 қарашаға дейін қабылдайды. Жеңімпаздарды құрамына мемлекеттік органдардың, депутаттар корпусының, қаржы мекемелерінің, шығармашылық зиялы қауымның және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін Байқау комиссиясы анықтайды. Оның қортындысы 25 қараша - 5 желтоқсан аралығындағы кезеңде шығарылады. Үздік жұмыстар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ «Халық монетасы» аталымында Байқау комиссиясы таңдап алған үздік 20 жоба ҚР Ұлттық банкінің интернет форумы шеңберінде ашық дауыс беруге шығарылып, ең көп дауыс жинаған дизайн жобасы көрермендер көзайымы сыйлығына ие болады. Монетаның ең үздік дизайнына арналған байқау ережесі және оған қатысуға арналған өтінім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Форумындағы Интернет-ресурсында (www.profinance.kz ) орналастырылған.