Ұлттық банк ресми қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін 7 пайыз деңгейінде белгіледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Григорий Марченконың айтуынша, ҚР Ұлттық банкінің Басқармасы қаржы нарығындағы үрдістерді және инфляцияның жылдық деңгейінің динамикасын ескере отырып сәуірдің 1-інен бастап ресми қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін 7 пайыз деңгейінде белгілеуге қаулы етті. Наурызда ақпанмен салыстырғанда жылдық инфляцияның деңгейі 7,4 пайыздан 7,2 пайызға төмендеген болатын.
«Осыған қарамастан сәуір айында ресми қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесі өзгермейді. Оған коммуналдық тарифтің өсуі өз әсерін тигізуде», дейді Ұлттық банк төрағасы.
Жалпы «ҚР Ұлттық Банкі туралы» Заңға сəйкес банк Басқармасы ресми қайта қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесін былтыр қыркүйектің 4-інде 7,5-тен 7 пайызға дейін төмендеткен болатын. 2010 жылы алғашқы тоқсанда инфляция 7 пайыздан аспайды деп болжанғандықтан ол қаңтарда өзгеріссіз қалған еді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің бұл деңгейі тарихи тұрғыдан алғанда ең төменгі мəн болып табылады. Бұған дейін ол 2003 жылғы шілденің 7-сі мен 2005 жылғы ақпанның 1-і аралығындағы кезеңде ғана болды.