11:33, 14 Қазан 2012 | GMT +5
Ұлттық банк: Ұлттық инвестициялық корпорация құрылды
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысына сәйкес «Ұлттық банктің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) құрылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Корпорация Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша құрылып отыр және Ұлттық банктің алтын валюталық автивтерінің бір бөлігін және елдің Ұлттық қор активтерін, сондай-ақ Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіпте өзге де активтерді басқаруға маманданған қаржылық ұйым болып табылады.
Корпорацияның акционері - Ұлттық банк. Жалғыз акционердің шешімі негізінде Есжан Амантайұлы Біртанов Корпорацияның басқарма төрағасы болып тағайындалды.