Ұлттық банк жаңа инвестициялық монеталарды айналымға шығарды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банк таратқан ақпараттарға сілтеме жасап.
Номиналы 100 теңге болатын «Барыс» тиынының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Сол жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды және оның сынамасын білдіретін «Ag 925» деген жазу, оң жағында - монетаның массасын білдіретін «31,1gr.» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) стильдендірілген тау шатқалының аясында екі барыстың бейнесі орналасқан. Бейненің оң жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан жазылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «БАРЫС», түрдің зоологиялық аты латын тілінде - «UNCIA UNCIA» деген жазу бар және шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі.
Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындалу сапасы - «proof», ең көп таралымы - 7 000 дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).
Номиналы 100 теңге болатын «Жолбарыс» монетасының беткі жағы «Барыс» тиынының сипаттамаларына сәйкес келеді. Ал сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жолбарыстың алтын жалатылған бейнесі орналастырылған. Жолбарыстың көзінің орнында екі гауһар орнатылған. Монетаның төменгі бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Айналдыра ағылшын тілінде «TIGER», түрдің зоологиялық аты латын тілінде - «PANTHERA TIGRIS» деген жазу бар, соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.
Қыры (гурты) бедерлі.
Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, әрқайсысының диаметрі бір миллиметрге дейін екі гауһар орнатылған, дайындалу сапасы - «proof». Ең көп таралымы - 13 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).