19:06, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Ұлттық банктің басшысы ҚР Президентіне елдегі макроэкономикалық жағдай туралы баяндады
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Г.Марченко Президентке елдегі макроэкономикалық жағдай туралы баяндады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлттық банктің инфляциялық үдерістерге және айырбастау бағамы саясатына бақылау жөніндегі қызметі туралы хабардар етті. Соңғы 12 айда инфляция 8,5 пайызға төмендеді. Бұл өткен жылғыдан 2,5 есе төмен. Г.Марченко тұтастай алғанда үрдістер оң тұрғыда жалғасып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы теңгенің девальвациясы дер кезіндегі және дұрыс шешім болғанын атап өтті.- Президент халықтың қаражатын қандай тәсілмен жұмылдыра аламыз, банк секторына сенімін қалайша қалпына келтіре аламыз деген мәселелерге және индустрияландыру жөніндегі жаңа бағдарламаны қаржыландыру міндеттеріне назар аударуға тапсырма берді, - деді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.