Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерден тартқан депозиттерінің көлемі 2,7есе өсті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2009 жылы теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттер 93,2 пайызға өсті.
None
None

Бұл Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009 жылы орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 53,2 пайызға азайып 40,7 триллион теңге болды. Оның ішінде теңгедегі депозиттер 93,2 пайызға ұлғайып, депозиттерінің жалпы көлемінің 40,2 пайызын құрады. Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерден тартқан депозиттері 2,7 есе өсті. Доллардағы депозиттер 76,5 пайызға азайып, депозиттердің 39,39 пайызын құрады. Еуромен орналастырылған депозиттер 66,4 пайызға төмендеп, 19,3 пайыз болды. Ал рубльдегі депозиттер 1 пайыздан да аз. Тұтастай алғанда шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі соңғы жылы төмендеуге тұрақты үрдістің сақталғанына қарамастан жоғары болып қалуда. Бұл орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 59,8 пайызын құрауда. Ал шетел валютасындағы депозиттердің 58,9 пайызы резидент емес банктерде орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар