Ұлттық банктің «Шыңғыс Хан» күміс шақасы Италияда өткен халықаралық конкурста екінші орын алды

деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен.
Бұл нумизматикалық конкурс теңге сарайлары немесе мемлекеттік органдар шығарған ең әдемі шақаны анықтайды.
Номиналы - 100 теңгелік шақа 2008 жылы мамырдың 31-де айналымға шығарылған болатын. Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігіндеҚазақстан Республикасының Елтаңбасы, монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу жəне Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі, шақа басып шығарылған жылды білдіретін «2008» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде А.Дүзелхановтың картинкасының фрагменті - атқа мінген Шыңғыс ханның бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оған бедерлеп мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жəне ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген сөздер жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген. Монета соғылған металды, оның сынамын жəне массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазулар тағы бар.