Ұлттық Банктің жылдық инфляция бойынша болжамы 8 пайыз деңгейінде қалып отыр - Д.Ақышев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы айларда айлық инфляция әдеттегі үрдіс шеңберінде. 2016 жылғы 4 айда инфляция 3,6%-ды құрады (жылдық мөлшерде - 16,3%). Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана экономикалық форумының жұмысы барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне хабарлады.
None
None

Д.Ақышев атап өткендей, инфляция жылдық мөлшерде 2016 жылғы сәуірде 16,3% деңгейінде қалыптасқан (2015 жылғы желтоқсанда - 13,6%). Бұл ретте, оның айтуынша, азық-түлік тауарларының бағасы 13,1%-ға (10,9%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 27,3%-ға (22,6%-ға) өсті. Ақылы қызметтер бір жыл ішінде 9,7%-ға (8,1%-ға) қымбаттады.

«Ұлттық Банктің жылдық инфляция бойынша 2016 жылдың соңына арналған болжамы бұрынғыдай қалып отыр. Инфляция жыл соңында баяулап, 6-8% нысаналы дәлізінің жоғары шегіне жақын қалыптасады. Біздің бағалауымыз айырбастау бағамын инфляцияға ауыстыру әсерінің бүгінгі күні іс жүзінде сарқылғандығына негізделген», деп мәлімдеді Қазақстан қаржы реттеушісінің басшысы.

«Ұлттық Банктің 2016 жылға арналған басты міндеті инфляция деңгейін тұрақтандыру және оны белгіленген дәлізге жедел қайтару болып табылады», - деп түйіндеді Д. Ақышев.

Соңғы жаңалықтар