Ұлттық бірлігімізді нығайтып қана, біз Қазақстанды қуатты елге айналдыра аламыз - ҚХА мүшесі Ә.Ахметова

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді байланыстырып отырған ең берік байланыстар - мүдделердің ортақтығы.
None
None

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Әсия Ахметова осылай дейді. Оның айтуынша, Қазақстан халқының Ассамблеясы осынау мүдде ортақтығын ұстанады. «Біздің осы институтымыздың тарихы - ұзақмерзімдік тұрақтылығымыздың тарихы», - дейді ол.

«Қазақ жері біздің ортақ тарихымызға, ортақ тағдырымызға куә. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ұлттық бірліктің ортақ мемлекеттің бірлескен жасампаздығымен, тағаттылықпен, азаматтықпен, халықтың сол елдің мемлекеттік тілін міндетті білуімен мазмұндалатынын атап көрсеткен еді. Сондықтан да, біздің стратегиялық таңдауымыз - бірлік болып табылады. Қазақ халқының кеңпейілділігінің, тағаттылығының, қайырымдылығының арқасында елімізде осынау бірлік сақталып келеді. Яғни, ұлттық бірлігімізді нығайта түссек, біз мемлекетімізді де күшейте түсеміз. Және осы бағытта этномәдени орталықтарға, қоғамдық институттарға үлкен жауапкершілік жүктелген», - деп атап көрсетті Ә.Ахметов өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар