Ұлттық инженерлік академияның президенті Б.Жұмағұлов Ресей инженерлік академиясының шетелдік мүшесі болып сайланды

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат – Ресей инженерлік академиясының алқасы ғылыми-инженерлік және қоғамдық саладағы ерен еңбегі мен халықаралық білім,
None
None
ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға және ортақ ғылыми-технологиялық кеңістік құруға қосқан айтулы үлесі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры, академик Бақытжан Жұмағұловты Ресей инженерлік академиясының шетелдік мүшесі етіп сайлады. ҚазАқпаратқа бұл туралы Ұлттық инженерлік академияның баспасөз қызметінен хабарлады. Ресей инженерлік академиясының құрамына бүгінде әлемнің 30 елінің шетелдік мүшесі кіреді.
Соңғы жаңалықтар