Ұлттық қордан бөлінетін 40 млрд теңге қалай жұмсалатындығы баяндалды

«Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Мемлекет басшысы өз жолдауында «Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ойдағыдай өткізу мен оны ұйымдастыру, құрылыс нысандарын жүргізу мақсатында Ұлттық қордан 40 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын. Ендігі жерде біз бұл қаражатты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы игеретіндігімізді айтқым келеді. Себебі, Елбасының өзі ел кәсіпкерлеріне мемлекеттік тұрғыдан және үкіметтік деңгейде қолдау көрету керектігін үнемі айтып келеді. Сондықтан да ЭКСПО құрылысына отандық кәсіпкерлермен жергілікті бизнес қауымдастықты барынша тарту мақсатына басымдық беретін боламыз. Осылайша, Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты ел экономикасының өркендеуіне жұмсауды жоспарлап отырмыз» дейді Салтанат Темірқұлқызы.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова 2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО хлықаралық көрмесін насихаттау мақсатында жарияанған «Энергетика чемпионы» байқауы алдағы уақытта өз жалғасын табатындығын мәлімдеді. «Біз әлем назарын өзіне аударатын 2017 жылғы ЭКСПО көрмесінде өз отандастарымыздың арасынан шыққан өнертапқыштардың инновациялық жарқын жобаларын қосу мақсатында осындай байқау жариялағанымыз рас. Бірнеше рет ұйымдастырылған кезеңдік байқаулардан жеңімпаз деп танылған үздік туындылар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің Халықаралық сарапшылар қауымының назарына ұсынылады. Солардың шешімімен отандық озық әрі жаңашылдыққа толы технологиялық жобалары 2017 жылғы көрме алаңының «Халықаралық практиктер» павильонына қойылатын болады. Ал ел ішінен өнертапқыштарды табу мен олардың ойлап тапқан туындыларының патенттелуіне және жүзеге асырылуына, тіпті, қаржыландырылуына да қолымыздан келгенше көмектесетін боламыз, - дейді Басқарушы директор. Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі дәстүрлі баспасөз мәслихаты Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» жолдауын ақпараттық-түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған болатын.