Ұлттық қордан «Қазмұнайгаз» ҰК үшін 4 млрд. доллар облигациялық займ беріледі - ҚР Президенті

    АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында 2012-2013 жылдарға арналған республикалық бюджеттегі кепілдендірілген трансфертті 15 пайызға (180 млрд. теңге) арттыру бөлігіндегі Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.   
None
None

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қордан трансфертті ұлғайту және дағдарысқа қарсы қаржыны қайта пайдалану туралы шешім Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында айтылған инвестициялық жобаларды қосымша қаржыландыру қажеттілігіне байланысты қабылданған болатын.

Сондай-ақ отырыс барысында дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру үшін бөлінген қаржыны қайта пайдалану және Ұлттық қордан «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ үшін облигациялық займ беру мәселесі талқыланды.

Ұлттық қордан «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ үшін жалпы сомасы 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде облигациялық займ беру туралы шешім Қашаған жобасын қолдау аясында қабылданды. «Қазмұнайгаз» АҚ қаржыландыруды екі транш бойынша 2013 және 2015 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.    

Соңғы жаңалықтар