Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда ҚР Ұлттық банкінің резерві 85 млрд. долларға жақындады - Н.Назарбаев

ЛОНДОН. 26 шілде. ҚазАқпарат - Бүгінде ҚР Ұлттық банкінің резерві Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда 85 миллиард долларға жуықтады немесе бұл ІЖӨ-нің 40 пайыздан астамы.
None
None

Бұл туралы Кембридж университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қаражаттарды орынды жұмсау бойынша мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты арнайы құрылған Ұлттық қорға ауқымды қаржылық әлеуетті шоғырландыруға мүмкіндік берді. Бүгінде Ұлттық қордағы активтерді қоса алғанда ҚР Ұлттық банкінің резерві 85 млрд. долларға жуықтады, немесе бұл ІЖӨ-нің 40 пайызы. Осы қаражаттар негізінде біз баламалы экономиканы құрмақпыз», - деді Елбасы.

Осы ретте Н.Назарбаев Қазақстанда жалпы сомасы 76 млрд. долларды құрайтын 706 жобаны қамтыған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастағандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар