16:12, 18 Қазан 2016 | GMT +5
Ұлттық музейде ардагерлер үшін ашық есік күні өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай астаналық ардагерлерге арнап ақысыз экскурсия өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат мұражайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты - ардагерлерді еліміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін мол жәдігерлер топтасқан Ұлттық музеймен таныстыру.
Астана қаласы, Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесі бастаған 50-ге жуық аға буын мұражай экспонаттарымен танысып қайтты.
Көктал кенті ардагерлер қоғамының төрағасы Смағұлов Шәукен мұражай қызметкерлеріне алғысын білдіре келе: «Ұлттық музейдің ашылғанын естіген болатынбыз. Бірақ, келіп тамашалаудың ыңғайы келмей жүрген. Елімізде осындай музейдің болуы біз үшін үлкен мақтаныш», - деп атап өтті.