Ұлттық өнер көрмесіне оңтүстікқазақстандық 40 қолөнер шебері қатысуда

Мұнда 40 қолөнер шебері өз жұмыстарын ұсынды. Олардың бірі бұйымдарын ағаштан жасаса, енді бірі киіз бен жүннен түрлі дүниелер дайындайды.
Түркістан қаласының тұрғыны Ынтымақ Баянбаев та әкесімен бірге өздерінің бұйымдарын ұсынды. Олар міне, 4 жылдан бері ағаштан, аңдардың сүйектері мен мүйізінен әсем мүсіндер жасайды. Олардың әрбір жұмысының мәні мен мағынасы бір-біріне ұқсамайтын әдемі әрі қызық.
«Мына мүсін 1 000 теңге тұрады. Әйелге қатысты композицияға ағаштан бөлек сүйек пен мүйіз қолданылды. Ол 7 мың теңге тұрады. Бұйымдардың ең үлкенінің биіктігі 1 метрден асады. Оның бағасы да қымбат, бірақ мен оны 1 жылдан астам уақыт жасадым»,- дейді 20 жастағы шебер.
Шеберлер мұнда облыстың көптеген аудандарынан келген. Олардың көпшілігі үшін бұл өзгелермен ынтымақтастық орнатады, әрі бұл өнімдерін сатып алушыларды табуға деген зор мүмкіндік. Көрмеде олардың бұйымдарын алушылар да көп болды. Мұнда әсіресе ұлттық нақышта безендірілген киімдерге қызығушылық танытқандар қатары көп. Киімдердің бірі жүннен тоқылған болса, кейбіреулері киізден дайындалған. Қалай болған күнде де оларды киген адам қалың көпшіліктің арасынан ерекшеленіп тұратыны анық. Өйткені, киімдер ерекше талғаммен әзірленіп, қолдан дайындалып, безендірілген. Мұндай өнімдер әдетте көп бола бермейді.
Осы уақытта көрмеге дайындалған тауарлар әлі көпшіліктің назарында. Өңірдегі қолданбалы өнердің майталмандары ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсынуға болатын үздік бұйымдарды таңдайды.