Ұлттық ұлан: елдің батыс өңірі бойынша үздік жас сардарлар анықталды (фото)

Майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, саптық тексерістен кейін байқауға қатысушылар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшыларымен кездесіп, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды. Байқау барысында олар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдау тактикасы, жалпы әскери жарғылар, атыс дайындығы, дене шынықтыру, саптық әзірлік, батальон шаруашылығын жүргізуден сынақ тапсырды. Сондай-ақ нысана көздеуден де сынға түсті.
Сайыс қорытындысында Ақтау қаласындағы 6656-әскери бөлімінен келген майор Үмітжан Имамжанов «Үздік батальон командирі», осы әскери бөлімнен капитандар Роман Әбдірахманов «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары», Азамат Нұржанов «Үздік штаб бастығы» атанды. «Батыс» өңірлік қолбасшысы, полковник Қайрат Ақтанов оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Жеңімпаздар алдағы жылы қаңтарда өтетін байқаудың қорытынды, үшінші кезеңіне жолдама алды.