Ұлттық ұлан жауынгерлері селден зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда табиғи апаттан зардап шеккен аудандарды сел қалдықтарынан тазарту жұмыстары жалғасуда. Жапа шеккен тұрғындарға қол ұшын ҚР Ұлттық ұлан жауынгерлері де созып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқанов айтты.
None
None

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 28237, 52859 әскери бөлімдерінің сарбаздары Наурызбай және Алатау аудандарындағы көшелер мен әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй аумақтарын ағын сумен келген лай, батпақтан тазартуда. 28237 әскери бөлімінің 330 жауынгері бүгінгі таңда Наурызбай ауданындағы №187 орта мектеп, «Айдария» балабақшасы, «Қарғалы» бау-бақша қоғамының аумағын, Қарғалы, Каменка, Таусамалы елді мекендерінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күн сайын жауынгерлер 1000 тоннадан астам тас аралас лайды сыртқа шығаруда. 5 тамыз күні 28237 әскери бөлімі жауынгерлерінің күшімен №187 орта мектеп аумағын тазалау бойынша жұмыс атқарылып, 340 тонна лай шығарылды. Жауынгерлердің екінші тобы Алмалы көшесі бойындағы №3, 8, 10 үйлердің жертөлелерін тазалап, 90 тоннаға жуық лайлы суды сыртқа шығарды. Сондай-ақ «Айдария» балабақшасының аумағынан 60 тоннаға жуық тас аралас лай шығарылды. Жауынгерлердің келесі тобы Жетісу көшесіндегі № 11,12, 13а, 14, 15, 16 үйлердің ауласынан және «Қарғалы» саяжайы аумағынан 220 тонна лай шығарды. Сарбаздардың күшімен №187 орта мектептің стадионы тазартылды. Қарағанды қаласынан келген 52859 әскери бөлімінің 146 жауынгері Алатау ауданы Алғабас кентінде тұрғын үйдердің аумағын тазалаумен айналысты. Бір күнде барлығы 843 тонна лай шығарылып, жолдар мен арықтар тазартылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум