Ұлттық университетте бард әнші Табылды Досымовты еске алуға арналған кеш өтеді
Махамбет Өтемісұлы атындағы халықаралық жарыстың екі дүркін жеңімпазы, тау тұлғалы Толағай көзі тірі болғанда 50 жасқа толар еді. Ақынның сағынышқа, мұңлы сезімге, тәкаппар намысқа толы әндері көптің жүрегін жаулап алды. Табылды Досымовты еске алуға арналған іс-шаралар 13 шілдеден басталды. Одан бергі аралықта түрлі еске алу кештері ұйымдастырылды. Бұл шаралардың легі Табылды оқыған қара шаңырақ ҚазҰУ-де жалғаспақ. Кетем бе, кейде, бала боп, Жүрсем де алыс, шалғайда. Қайда сол, КазГУ-городок, Алматы қайда, мен қайда? - деп жырлаған Табылдының бұл әнін замандастары жатқа айтады. ҚазҰУ-дегі еске алу кешінің де аты «Қайда, сол КазГУ - городок» деп аталып отыр. Кеш барысында лирикалық әсем әндер мен бард жанрындағы рухты жырлар орындалатын болады.