Ұлы далада әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатты - Н.Назарбаев
Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің, Келісімнің және Жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Бір таңқаларлығы, әлемдік дәстүрлі діндердің бірі де Ұлы далада, яғни біздің жерімізде жаралған жоқ. Алайда, тек осы жерде бейбітшілік рухы нағыз үйін таба білді»,-деді Елбасы.
Қазақстанда түрлі діндерді сақтап қалуға жағдай жасалғанына тоқталған Президент, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Қазақстан аумағындағы діни бірлестіктер 700-ден 4,5 мыңға дейін өскенін атап өтті. Осы орайда Мемлекет басшысы әлемдік дәстүрлі діндер басшылары съезіне қатысып жүргендерге Қазақстан мұсылмандар, православтар, буддистер, протестанттар, котоликтер, иудейлер өзара келісімде тұрып жатқан әлемдегі жалғыз мемлекет екенін айтып жүргенін жеткізді.
«Біз достықтың айырықша моделін құрдық және оны сыртқы қауіп-қатерлерден қорғап қалуымыз қажет»,-деді Елбасы.