Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алдында басымызды иеміз - А.Каримуллин

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бізге осы баянды бақытты сыйлаған ардагерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
None
None

Олар туған жерді сүюдің, елдің патриоты болудың керемет үлгісін көрсетті. Бұл жайында «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Амангелді Каримуллин Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналғанконференция барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Каримуллин аталмыш шараға қатысушы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін келе жатқан мейрамдарымен құттықтап, алғысын білдірді.

«Кәмелеттік жасқа жаңа толған азаматтарымыздан бастап бүкіл халық қолдарына қару алып, лаулаған от пен өлім сепкен майдан даласына аттанып, әлемді фашизм құлдығынан құтқарып қалды. Осындай ұлағатты өнеге көрсеткен ардагерлерге қызмет ету - баршамызға мәңгі борыш», дейді Амангелді Каримуллин.

Сонымен бірге ол бүгінгі шараның Қазақстан қоғамы үшін құнды екенін, Азаматтық ұстанымы мығым асыл ардагерлеріміздің осы конференцияға қатысуы жастар үшін үлкен абырой, зор қуаныш екендігін жеткізді.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта Алматы қаласында 1578 Ұлы Отан соғысының, 19 700 еңбек майданы ардагерлері тұрып жатқандығын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар