Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальде мерекелік іс-шаралар өтуде

АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыдағы Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальде Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтуде.
None
None

Шара барысында қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Колесников, госпиталь басшысы Марғұлан Шәкіров емделушілерді мерекемен құттықтады. Сондай-ақ ардагерлерге госпиталь әкімшілігі арнайы сыйлықтарын табыстап, Поляк мәдени орталығының балалар хоры мен тағы бірқатар өнер ұжымдары майдангерлерге ән мен жырдан шашу шашты.

Бұл күні госпиталь қызметкерлері де марапаттан құр қалмады. «Нұр Отан» ХДП-ның Медеу аудандық филиалы еңбегімен көзге түскен 7 қызметкерді құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтармен құттықтады.

Жалпы Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталі 1943 жылы ұйымдастырылған болатын. Мұнда Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілгендерге медициналық қызмет көрсетіледі. Қазір еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген 841 800 адам бар. Оның 8 150-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Соңғы жаңалықтар