11:22, 07 Мамыр 2011 | GMT +5
Ұлы Отан соғысына қатысқан 10 ақтөбелік ардагер Жеңіс күні қарсаңында пәтер кілттерін алды
АҚТӨБЕ. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай Ақтөбе ардагерлеріне пәтер кілттері табыс етілді.

Кеше «Қара алтын» мейрамханасында қала әкімі Архимед Мұхамбетов Ұлы Отан соғысының 30 ардагерін қабылдады.
Архимед Мұхамбетов салтанатты түрде мемлекет қорынан пәтер алуға кезекте тұрған 10 ардагерге баспана кілттерін табыс етті.
Одан кейін қаланың шығармашылық ұжымы дайындаған концерт болды. Кеш қонақтары әкімнен сыйлықтар алды.