Ұлы Отан соғысында біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғастыра білді - Елбасы

sp;АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат. /Ернұр Ақанбай / - Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғастыра білді.
None
None

Олар қазақтың қайсар, рухы биік батыр халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Бүгін Ақордада соғыс ардагерлерін және күш құрылымдардың қызметкерлерін мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімінде Елбасы Н. Назрбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арын байрақ, намысын найза еткен елдердің қаһармандығы аңызға айналды. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты», деді Мемлекет басшысы.

Елбасы 500-ден астам азаматымыз Кеңес Одағының Батыры атанғанын атап көрсетті. «Олардың ішінде Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды қазақтың батыр ұл-қыздары бар. Қазақтың батыр ұл-қыздары еш уақытта халықтың жадынан ұмытылмайды. Қаһармандығы арқылы Ұлы Жеңіске жол ашқан ерлердің есімі халықтың жадында мәңгі қалады», деді Н. Назарбаев.

Елбасы, «жауды біз жұмылып, бірлігімізбен» жеңгенімізді атап көрсетті. «Қанқұйлы соғыс жылдарында қазіргі Қазақстан халқының мызғымас бірлігі қалыптасты. Аласапыран заманда тағдыр тоғыстырған ұлт өкілдерін қазақ жері бір отбасының баласындай бауырына басты. Біз ел басына түскен зұлмат жылдардың зілдей салмағын жан жүрегімізбен сезініп, бөлістік. Сондықтан біз адамзат баласына орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм соғыстың жер бетінде енді қайталанбауын тілейміз», деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар