11:43, 09 Мамыр 2009 | GMT +5
Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске түсіруге арнап 7 мың 200 шырақ жағылды
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске түсіру үшін Мәңгілік алауға гүл қою салтанаты рәсімі өткен Өскемендегі Даңқ мемориалы басына бүгін мыңдаған қалалықтар жиналды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Салтанатқа ардагерлер, жауынгерлер және майдангерлердің ұрпақтары қатысуда.
Салтанатты рәсімнен кейін оған қатысушылар облыс орталығындағы басты алаңға бет алады. Онда қаладағы әскери бөлімшелердің, ардагерлердің, ауғандық жауынгерлердің, әскери кафедралар студенттерінің және жоғары сынып оқушыларының салтанатты шеруі өтеді.
Кеше «Жастар» қалалық саябағында «Өз шырағыңды тұтат» деп аталатын жастар акциясы болып өтті. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске түсіру үшін мамырдың 8-інде ымырт үйірілгенде 7 мың 200 шырақ жағылды ? Өскеменнен аттанған жауынгерлердің дәл осыншамасы майданда опат болған еді. Осы бір ауқымды еске түсіру акциясы Өскеменде төртінші рет өткізілді.