Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығы қарсаңында БТА Банкі өзінің ардагер-салымшыларына материалдық көмек көрсетті

Бүгінгі таңда Банктің клиенттік базасында мұндай салымшылардың 5,1 мыңға жуығы есептелінуде. Олардың әрқайсысына 5 000 теңге аударылады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
БТА Банкінің ардагер-салымшыларын құрмет тұту дәстүрі көптен бері әр жылдың айтулы мерекесіне айналған. Жыл сайын 9 мамыр қарсаңында Банк өзінің ардагер-салымшылары мен БТА-ның бұрынғы ардагер-қызметкерлеріне қызмет көрсетуде арнайы жеңілдіктер ұсынып келеді.
2010 жылы БТА Банкі «Мәңгілік есте сақтау» акциясының аясында банк бөлімшелерінде барша ҰОС ардагерлері мен соған теңестірілген азаматтар үшін коммуналдық қызметтерді төлеудің комиссиясын алып тастады. Осыған орай, 2010 жылдың мамырында БТА Банкі өзінің ардагер-салымшыларына материалдық көмек ретінде 30 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді. Сонымен қатар өзінің еншілес «БТА Ипотека» компаниясымен бірлесе отырып, ҰОС ардагерлеріне Алматы қаласынан екі пәтер сатып алуға қаражат бөлді.
2009 жылдан бастап БТА-да «Қамқор» әлеуметтік бағдарламасы шығарылды. Бағдарлама аясында кез келген ардагер-зейнеткер арнайы «Қамқор» шоты мен төлем карточкасын ашып, зейнатақылар мен жәрдемақыларды тегін ала алады.