Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ақшалай сыйлықтар табыс етілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» мекемесі 6 жыл бойы Қарақия ауданы, Құрық аулындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп келеді. Биылғы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мерекесіне орай Қарағия ауданындағы әрбір ардагер отбасына 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етті.
«Бұл жауынгерлік ерлікке және бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлеріне деген құрметі ретінде жыл сайынғы ерекше дәстүрге айналды» дейді «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС атынан қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі Махмұтов Ержан.
Сондай-ақ тіл, мәдениет және спортты дамыту жөніндегі аудандық бөлімнің басшылығымен және компанияның тікелей қаржылай қолдауымен Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған «ЕР САЙ» кубогіне компания қызметкерлері және де Құрық аулы тұрғындары да қатысатын жүгіру, секіру, гранат лақтыру сияқты атлетикалық спорт түрлерінен спорт жарыстары өткізіліп жатыр.
2010 жылы «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС бұл бағыттар мекеменің маңызды әлеуметтік жауапкершілігі болып табылатындықтан, қалыпты даму аясында демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы бойынша жұмысын жалғастыруды көздеп отыр.