Ұлы Жеңіс күні Байқоңыр «Мәңгілік полк» акциясын өткізді

Кеше қалалық Мәдениет үйінде соғыс және еңбек ардагерлерінің қатысуымен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс және концерт өтті.
Бүгінгі мерекелік күн таңертең қала саябағының жанындағы Жеңіс ескерткішінің қасында "Георгиев лентасы" акциясымен басталды, онда митингіге "Байқоңыр" ғарыш кешенінің басшылары, ардагерлер, қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, қаза болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
Содан кейін Байқоңыр қаласының орталық алаңында РФ және ҚР күш құрылымдары қызметкерлерінің шеруі өтті. Шеру соңынан РФ ІІМ қалалық басқармасының қызметкерлері өздерінің өнерлерін көрсетті.
Бұдан кейін орталық алаңда қала тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагерлері - өздерінің әкелерінің, аталарының, туыстарының суреттерін алып шықты. Бұл акция "Мәңгілік полк" деп аталады.
"Жыл өткен сайын ардагерлер қатары сиреп барады, бүгінде қаламызда, Төретам және Ақай кенттерінде небәрі алты адам қалды. Олардың құрметіне өткен жылы "Жеңімпаздар" деп аталатын автожорық өткізілген болатын. Биыл алаңнан ардагерлердің балалары мен немерелері өтеді, мәңгілік полк Жеңіс және еске алу эстафетасын жалғастырады", деп әңгімеледі ұйымдастырушылар.
Кешке Жеңіс күніне арналған шаралар қаланың орталық алаңында қалалық Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының үлкен концертімен жалғасадаы, одан кейін мерекеге қатысушылар Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мен жеңімпаздарын еске алу үшін шырақ жағады.