08:15, 07 Мамыр 2010 | GMT +5
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай майдангерлер ай сайын 65 квт.сағат электр қуатын тегін пайдаланады
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ұлы Жеңіс мерекесіне орай « Көкшетау-Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің майдангер тұтынушылары ай сайын 65 киловатт-сағат электр қуатын тегін пайдаланатын болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Серіктестік басшысы Берік Ақылбековтың айтуынша қазіргі кезде Көкшетау мен Щучье қалаларында, Бурабай, Зеренді, Еңбекшілдер аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Айыртау, Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Уәлиханов, Тайынша аудандары аумағында тұрып жатқан 512 соғыс ардагері олардың қызметін пайдаланып келеді. Бұл жаңалық әр отбасына арнайы сәлем хат арқылы жеткізілген көрінеді. Нәтижесінде қалалық тұтынушылар өз шығындарын жартылай, ал ауылдағылар толықтай жабу мүмкіндігіне ие болып отыр. Тегін қызмет қарт майдангерлерге өмір бақи күшінде болатын көрінеді.