Ұлы Жеңіс мерейтойын Павлодардағы балабақшалар атап өтуде

ПАВЛОДАР. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Жеңіс мерейтойын Павлодар қаласының балабақша тәрбиеленушілері атап өтуде, деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.
None
None

№85 балабақшадағы «Ерлік сабағында» әскери бөлім ардагерлері кеңесінің төрағасы Валерий Кошак Ұлы соғыстың батырлары, әскери достық пен өзара көмек жайлы баяндады. Орта топ тәрбиеленушілеріне әскерилер Жеңіс күніне арналған «Нағыз ерлер шоуын» ұсынды. «Солдат-Жеңімпаз» атты сурет жарысында балабақша тәрбиеленушілері Отан қорғаушыларға деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін көрсетті.

Ардагерлер, тыл еңбеккерлерімен кездесу барысында №14 балабақшада соғыс жылдарындағы әндер мен өлеңдер айтылды. Балалар қонақтардың ордендер мен медальдар жайлы айтқан әңгімелеріне тәнті болды.

Тыл ардагерлерімен және майдангерлермен кездесу барысында №79 балабақша «Балалар Жеңіс туралы» атты суреттер көрмесі мен «Бейбітшілік саған, маған және біздің елге» атты спорттық-концерттік бағдарламасын әзірледі.

Соңғы жаңалықтар