Ұлы Жібек жолы - бабалар салған сара жол

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпы, ұзақ жылардан бері жүйелі түрде жалғасын тауып келе жатқан екі ел арасындағы өңіраралық қатынастардың екі елдің экономикалық дамуы мен интеграциялық үрдістеріндегі нәтижелі жемісі де айтарлықтай. Қазақстан-Ресей өңіраралық қатынастары екі елдің экономикалық және стратегиялық бағыттардағы дамуларына кеңінен жол ашып, әу бастағы Еуразиялық идеядан ілкіде Кедендік одақ пен Еуразиялық Экономикалық қауымдастыққа ұласып, ақыры өткен мамыр айында Астанамызда тұсауы кесілген ЕЭО-тың өмірге келуіне жол ашқандығын да жақсылыққа жорыған дұрыс. Бәлкім, өңіраралық қатынастар Қазақстан мен көрші елдер арасындағы экономикалық мүдделілік пен бірлесіп бейбіт даму жолына түсудегі үлкен бір философияның құпиясы шығар, кім білсін?! Олай дейтін себебіміз, Қазақстан өңіраралық қатынастарда тек бір іргелес Ресеймен ғана емес, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ экономикалық дамудағы Азия Жолбарысы - Аспанасты елімен де көптеген іскерілік байланыстар орнатып үлгерген болатын.
None
None

Қытаймен арадағы қатынасымыз ел экономикасындағы өзінше бір үлкен емтихан да болғандығы анық. Ең алдымен, Қытайдың тілін табу, онымен тең дәрежеде іскерілік қатынастар жасап, іргелі байланыстар орнатуға қажетті ахуалдар қалыптастырып, белгілі бір дәрежеде Тынық мұхиты аймағында-ақ өз елінің экономикасын үнемі іргері қарай дамытып, ел тыныштығы мен ынтымағын сақтап отырған алып елдің Қазақстанға, Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне шығу мүмкіндіктеріне кәдімгідей назарын аудартып, соның өзін бертінде еларалық тұрақты геосаяси қатынастың негізіне айналдырудың оңайлықпен іске аса қоймағандығы тағы белгілі. Осыдан аз ғана уақыт бұрын, Еуропа төріндегі Миланда өткен «Еуропа-Азия» форумында Қазақстанның аты ұлықталып, әлемдік экономикалық үрдістердегі маңдайы жарқыратылғандығы осындай өңіраралық қатынастардағы жетістіктерінің нәтижесі деуге толық негіз бар. Батыстағы жетістігін Шығыста да қатар дамытып отыру қазіргі Қазақстанның ілкімді экономикалық дамудағы бір ұтқыр әдісі деуге болар еді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Батыс елдерімен арадағы экономикалық қатынастардағы батыл қадамдарынан Шығыстағы көршілері арасында да тартынған емес. Бұны, әрине, Қытай жағы қатты ескеріп отыр. Олардың біздің экономикалық қатынастардағы көп қадамдарымызды қолдап отырғандықтары да сондықтан шығар?! Осыдан аз ғана күндер бұрын, Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай Сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер мен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша Кіші комитетінің 7-ші мәжілісінде де Қазақстан мен Қытай арасында өңіраралық форумдар ұйымдастырудың жәй-жапсарына ресми түрде көңіл бөлінді. Демек, бұл алда Ұлы Жібек Жолы бойындағы екі елдің арасындағы өңіраралық қатынастар жанданып, ежелгі Ұлы Жібек Жолының бойына шын мәнінде жан бітіп, экономикалық өрлеуге кеңінен жол ашылады дегенді де білдірсе керек.

Ұлы Жібек Жолы - байырғы біздің бабаларымыздың жүріп өткен сара жолы. Ұлы Жібек Жолы бізді тәуелсіздікке дейін жетелеген, әрі осы жолдағы өз биік мақсатымызға жеткізген де жол. Ұлы Жібек Жолы, оның жаңғырған, жаңартылған формасы біздің қазіргі үрдісті экономикалық дамудағы басты бағыттарымыздың бірі деуге болар еді. Ұлы Жібек Жолы - біздің алып экономикамыз бен үрдісті дамудағы жетістіктеріміздің қауіпсіздігіне берік негіз қалайтын да жол. Бұл жол - мәңгілік жолы. Мәңгілік Елдің мәңгілік тұғыры да әрдайым биік болуға тиіс. Біздің елімізде Мәңгілік Елдің ұлы мұраттарына қажетті барлық жағдайлар да жасалынып жатыр.

Мәңгілік Ел өзінің мәңгілік мұраттарымен де мағыналы, мәнді. Мәңгілік Елге қызықпайтын ел жоқ. Мәңгілік Ел өзгелерге тек Мәңгілік жолдарды ғана ұсынады. Мәңгілік Ел - Біздің ел, міне, осындай!

Соңғы жаңалықтар