Ұлыбритания Ауғанстаннан әскерлерді шығаруды биыл бастап, 2014 жылы аяқтауға ниетті - ҚР СІМ

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Ауғанстаннан әскер шығаруды биыл бастап, 2014 жылы аяқтауға ниеттеніп отыр.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай осындай мәлімет келтірді.

«Ауғанстандағы Британ контингенті саны бойынша екінші орында тұр. Жалпы құрамы 9 мың әскери қызметкерді құрайды. Ұлыбритания Ауғанстаннан әскерлерін шығаруды ағымдағы жылдан бастап, 2014 жылдың аяғына дейін аяқтауға ниеттеніп отыр. Осыған орай, Британ тарапы Қазақстанның транзиттік әлеуетіне барынша мән беріп отыр», - дейді Қайрат Сарыбай.

Оның айтуынша, Ауғанстаннан әскерін шығаруға қатысты Қазақстан бұған дейін Испания және Германиямен келісімшарт жасасқан.

Еске салсақ, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары Ұлыбританияның Ауғанстаннан әскери мүлкі мен персоналдарын әкетуге қатысты Қазақстан мен Британия Корольдігі арасындағы келісімді мақұлдаған болатын.

«Осы келісімнің қабылдануы Қазақстанның Ұлыбританиямен жақсы қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге серпін береді деп сенемін», - деді СІМ басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар