Ұлыбритания елшісі қазақ тіліне ерекше құрмет көрсетті - Нығматулин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Кэролин Браунды дипломатиялық мерзімінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Н. Нығматулин атап өткендей, К. Браун екі ел арасындағы байланыстарды, соның ішінде парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету жолында жемісті еңбек етті. Нәтижесінде, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік қарқынды дамыды.

«Сонымен бірге Браун ханым тек саяси, мәдени, халықаралық байланыстарды нығайтып қана қоймай, әрбір ұлттық мейрамдарда қазақ тілінде жүрекжарды лебізін жеткізіп, мемлекеттік тілге деген ерекше құрметін көрсетті. Н. Нығматулин елші ханымның шын мәнінде жоғары дипломатиялық тәжірибесі өзгелерге үлгі болуға лайықты екенін айтты», - деп атап өтілген Мәжіліс баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Өз кезегінде Кэролин Браун Қазақстанда еңбек еткен жылдар өміріндегі ең елеулі кезеңдердің бірі екенін айтып, жалпы еңбек жолының Қазақстандағы елшілік қызметпен аяқталатынына риза екендігін жеткізіп, алғыс білдірді.

Айта кетейік, Кэролин Браун біздің елімізде 4 жыл қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар