Ұлыбритания Қазақстанмен Әскери жүктерді жер үстінде тасымалдау туралы келісімді ратификациялауға үміттенеді - Дэвид Кэмерон

АСТАНА 1 шілде. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Қазақстанмен Әскери жүктерді жер үстінде тасымалдау туралы келісімді ратификациялауға үміттенеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон мәлім етті.

«Мен Ұлыбританияның Премьер-Министрі ретінде Сіздің тамаша еліңізге келгеніме қуаныштымын. Біз өзара қарым-қатынастарымызды ендігі уақытта жаңа деңгейге көтереміз деп уағдаластық. Оған біз бүгін қол қоюды жоспарлап отырған Әріптестік туралы келісім дәлел болады»,-деді Д. Кэмерон.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Ұлыбритания Әуе тасымалы туралы келісімді ратификациялағанына қанағаттанушылық білдіріп, жер үсті тасымалы туралы келісімнің ратификацияланатындығына үміт артатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар