16:18, 01 Шілде 2013 | GMT +5
Ұлыбритания Премьер-Министрі Астанадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоғын қойды
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон Астанадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Айта кетейік, Британ Үкіметінің басшысы Қазақстанда ресми сапармен жүр. Бұдан бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон Атырау облысында болып, Қашаған кен орнынан шыққан мұнай мен газды кешенді дайындайтын «Болашақ» зауытын іске қосқан болатын.
Ал бүгін Дэвид Кэмерон Назарбаев Университетінде студенттер алдында лекция оқыды және еліміздің Мемлекет басшысымен екіжақты келіссөздер жүргізді.