08:07, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары бағасын берді
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ұлыбритания сыртқы саясат ведомствосының басшысы Уильям Хейгпен кездесу өткізді,
деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қыркүйектің 22-сі күні болып өткен кездесу барысында британдық форин-кеңсенің жетекшілігімен ЕҚЫҰ саммитіне дайындық барысы талқыланды. Қазақ астанасында өтетін алдағы форум қорытындылары жөніндегі қорытынды құжаттарды іріктеп алудың маңыздылығына тоқтала отырып, У.Хейг біздің елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары бағасын берді, сонымен қатар Саммит жемісті өткізілуі үшін Лондонның барлық күш-жігерін салуға дайын екендігі туралы мүддені растады.