Үнділік компания Қапшағайда фармацевтикалық зауыт және аурухана салады

ТАЛДЫҚОРҒАН.  Қарашаның  3-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ -   Үнділік «Парентерал Драгс Индия ЛТД»  компаниясы    ағымдағы жылы  Алматы  облысының Қапшағай   қаласында  500 орындық аурухананың  және   дәрілік  заттар  шығаратын  зауыттың  құрылысын бастамақ. 
None
None

Бұл туралы    дүйсенбі күні   облыс әкімі Серік Үмбетовпен болған кездесу барысында   үнділік компанияның   басқарушы директоры Гупта Манохар Лал мәлім етті.

Оның айтуынша,   Қапшағай әкімі Наурызбай  Таубаев    нысандардың  құрылысы  үшін   қалаға жақын маңнан   5 гектар жер бөліп  отыр.  Қазір ол  учаскеде   жер  қазу  жұмыстары  жүргізілуде,     одан кейін компания      зауыттың  құрылысына кіріспек.

Зауыт  іске қосылғаннан кейін  тамыр  арқылы  салатын  ерітінділер,    сироптар,   таблеткалар, капсулалар, т.б.    заттар   шығаратын   болады.   Оған   қоса,  компания  500 орындық      аурухана салуды  жоспарлап  отыр.  Онда   білікті  түрлі  профиль  мамандары бірегей  операциялар жасайтын  болады.   Жоба   шығыны  100 миллиондай  долларды  құрайды.

Соңғы жаңалықтар